Амангелді ауданы — Қостанай облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлініс. Аумағы — 22,6 мың км². Алғаш "Батпаққара ауданы" деген атпен 1928 жылы құрылды. 1936 жылы оған халық батыры Амангелді есімі берілді. Аудан орталығы — Амангелді ауылы.

Географиялық орны, жер бедері Батысында Жангелдин, Науырзым аудандарымен, шығысында Арқалық қаласымен, солтүстігінде Ақмола облысының Жарқайың ауданымен, оңтүстігінде Ұлытау облысының Ұлытау ауданымен шектеседі.

Торғай үстіртінің оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Оңтүстік-шығысын Жыланшықтүрме (абсолюттік биіктігі 250–300 м) қыраты, Айғыржал (300–350 м) және Қырғыш тауларының солтүстік сілемдері (500 м) алып жатыр. Батыс жағының едәуір бөлігін “Торғай қолаты” деп аталатын ескі аңғардың шығыс беткейі қамтиды. Оған шығысынан Сарыөзен, Торғай, Жыланшық өзендерінің аңғарлары келіп түйіседі. Жер бедері ойлы-қырлы, таулы-ойысты болып келеді. Кен байлықтары: қоңыр көмір, темір кентасы, боксит және құрылыс материалдары.

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық және қуаң. Қаңтардың орташа температурасы — -16–-22°С, шілдеде — 22–24°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері — 250–350 мм. Топырағы солтүстік пен солтүстік-шығыста қоңыр, оңтүстік мен оңтүстік-шығысында ашық қоңыр. Сортаң топырақ та кездеседі. Ауданның Торғай және оның саласы Жалдама өзендеріне дейінгі солтүстік бөлігін жусан аралас бетегелі, селеулі, жусанды, көкпекті шөп өскен құрғақ дала алып жатыр. Оңт-ндегі шөлейт аймақта ақ жусан, көде, еркек шөп, қара жусан, көкпек және бұйырғын өседі. Өзен жағалауында, ойпаңдарда галофит өсімдіктері аралас бидайықты, өлеңшөпті шалғын өседі. Жабайы аңдардан: қасқыр, түлкі, киік-сайғақ, борсық, ондатра, жабайы шошқа, қоян, дала бүркіті, көкек, қарға, ұзақ, сауысқан, жабайы көгершін, тоқылдақ, аққу, тырна, дуадақ, кекілік, бөдене тағы да басқа түрлері бар. Су айдындарында шортан, алабұға, ішінара, тұқы, сазан балық түрлері тараған.

Су торабы Аудан Торғай, Ұлы Жыланшық өзендерінің бас жағы мен салалары — Сарыөзен, Жалдама және Қараторғайдың орта және төменгі ағыстары алабын қамтиды. Сарыөзеннің салалары — Үлкен Дәмді, Мойылды және Жалдама өзендері және Амангелді бөгені жер суғаруға кеңінен пайдаланылады. Аудан аумағында Балықты, Топалаң, Қоғалыкөл, Шақпақ, т.б. көлдер бар.

Шаруашылығы Ауыл шаруашылық жерінің аумағы — 2689,6 мың га. Оның ішінде егістік — 244,0 мың га, шабындық — 95,2 мың га, жайылым — 2339,4 мың га (2006). Аудан аумағын Қостанай–Амангелді, Амангелді–Арқалық, Арқалық–Есіл автомобиль жолдары, Арқалық–Есіл темір жолының оңтүстік бөлігі басып өтеді.Аудан қалыпты көлік желілерімен қамтамасыз етілген. Жалпы пайдаланыстағы авто көлік жолдарының ұзындығы — 806 шақырым, оның ішінде 262 шақырым — асфальтталған жолдар.

Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы,  КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 16938 22232 22770 20542 27998 21244 17660 16076 Тұрғындар саны – 16 475 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 98,48%, орыстар – 1,52%, украиндар – 0,18%, немістер – 0,17%, басқа ұлт өкілдері – 0,23%.

Әкімшілік бөлінісі 27 елді мекен 10 ауылдық округке біріктірілген: right|300px|Аймақ картасы Әкімшілік бірлікОрталығыЕлді мекендеріХалқы (2021) Ақсай ауылдық округі Ақсай ауылы 1 349 Амангелді ауылдық округі Амангелді ауылы 5 7395 Амантоғай ауылдық округі Амантоғай ауылы 3 1204 Байғабыл ауылдық округі Байғабыл ауылы 2 707 Қабырға ауылдық округі Қабырға ауылы 2 273 Қарасу ауылдық округі Қарасу ауылы 4 947 Құмкешу ауылдық округі Құмкешу ауылы 2 519 Тасты ауылдық округі Тасты ауылы 2 513 Үрпек ауылдық округі Үрпек ауылы 4 1360 Үштоғай ауылдық округі Үштоғай ауылы 2 440

Ірі елді мекендері Атауы Халқы (2021) Амангелді 6778 Үрпек 1111 Қарасу 770 Амантоғай 748 Байғабыл 608

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Селолық округтер

Санат:Амангелді ауданы