Ащықарын – Тоқырау алабындағы өзен.

Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 30 км.

Бастауы Сарыоба тауынан солтүстік-батысқа қарай 10 км жердегі сордан басталып, Қотыр тауы маңында Тоқырау өзеніне құяды.

Гидрологиясы Орта ағысында ұзындығы 3 км, ені 1 км-дей Ащықарын көлі бар. Өзен суы сәуірде тасып, жазғы ыстық айларда қарасуларға бөлініп қалады. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толығады. Суы кермек, мал суаруға пайдаланылады.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) өзендері Санат:Балқаш су алабы