Әңгірен – Ертіс алабындағы көл.
Географиялық орны Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Майқайың кентінен солтүстік-батысқа қарай 10 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 204,9 м биіктікте.
Гидрографикасы Аумағы 7,7 км2, ұзындығы 4,0 км, енді жері 2,9 км. Жағалау бойының ұзындығы 18,0 км. Оңтүстік-батысынан Қарасу өзені келіп құяды.
Жағалау сипаты Қоңыр қызыл және шалғынды топырағында жусан, боз, селеу, қозықұлақ, қылқұрт, т.б. шөптесіндер өседі. Жағасы жазық келген. Мал жайылымына пайдаланылады. Екібастұз – Майқайың автомобиль жолы өтеді.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Баянауыл ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы