Әулиеата аққаңбағы(Gypsophіla aulіeatensіs) — қалампыр тұқымдасына жататын аққаңбақ туысының бір түрі, көп жылдық шөптесін өсімдік. Қаратау адырлары мен Мойынқұмның тастақты, балшықты жерлерінде өседі. Шоғырлана өскен сабағының биіктігі 40 — 50 см. Жапырақтары ұзынша, үшкір болады, ерте түседі. Гүлдері ақ түсті келеді. Тұқымынан көбейеді. Шілде — тамыз айларында гүлдейді, тамыз — қыркүйекте жеміс береді. жеміс қорапшасы домалақ, тұқымы ұсақ болады. Әулиеата аққаібағы — сирек кездесетін өсімдік, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том Cілтеме
Санат:Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер