Байсерке — Алматы облысы Іле ауданындағы ауыл, темір жол стансасы, Байсерке ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Өтеген батыр кентінің солтүстігінде 3 км-дей жерде, Үлкен және Кіші Алматы өзендері тармақтары аралығында, Іле жазығының шөлейтті қуаң агроклиматтық белдемінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен867315124 26338 174,1 7490 12845 171,5 7634 13493 176,7

Тарихы Іргесі Түрксіб темір жолның салуына байланысты қаланған. Халық композиторы Байсерке Құлышұлының (1841-1906) құрметіне аталған. Байсеркеде жүгері сұрыптау фабрикасы, өңдеу кәсіпорындары, шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Оқу-тәрбие, денсаулық сақтау мекемелері бар. Ауылда 3 мектеп, 2 мешіт бар. Керемет ауыл, ауылдың қасында "Бастау" және "Мереке" аквапарктері бар.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;

Дереккөздер

Санат:Іле ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері