Балқымбай алтын кен орны – Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 210 км жерде орналасқан кен орны.

Геологиялық құрылымы Балқымбай грабен синклинорийінің (аумағы 60 км2) мұғалжарлық алтын кенінің жаңа түрі анықталды. Неғұрлым болашағы мол аймақ тас көмір кезеңінің қабатында кездеседі. Бұл аймақтағы алтын құрамының орташа мөлшері 10 г/т. Кен орнының болжамдық қоры 5 т. Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ақтөбе облысы кен орындары Санат:Алтын кендері