right|282px|thumb|<center>ФристайлФристайл, соңғы жылдары көптеген елдерде кең тараған қысқы Олимпиядалық ойындарының бірі, Азия ойындарының бағдарламасына енген қысқы спорт түрлерінің бірі. Қарлы беткейінен құлдилап түсу кезінде әртүрлі бағдарламаларды орындайтын Фристайл: 1) балет, 2) акробатикалық секірістер, 3) могул болып үшке бөлінеді. Балет: түрлі айналыстар мен секірістерден, жүру, акробатикалық, хореографиялық бөліктерден құралатын, спортшының өзі қалап алған музыканың сүйемелдеуімен орындалатын бұл эстетикалық мәні зор көріністердің бірі. Балет орындалатын беткей қарлы, кедір-бұдырсыз, тегіс болуга тиісті. Музыка сөредегі төреші рұқсат бергеннен кейін басталады. Есептелген баллдық 50%-ы композиция мен мәнер үшін есептеледі. Балет жаттығулары орындалатын аумақтың ені құлдилау беткейінің енінен аз болады.Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3
Дереккөздер
Санат:Фристайл