Ағартушылар мен академиктардың мүсін аллеясы, Павлодар қ., (Ломов, 64).
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекетік университеті бас корпусының алдындағы скверде 2003 ж. Павлодар облысы тумалары 9 көрнекті қайраткерлердің мүсіндері орнатылған.
Мүсіндер ікбұрыш субүріккішті жағалай екі қатар болып бір-біріне қарамақарсы орнатылған.С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Оң жақтағы мүсіндер: Бұқар жырау, М. Ж. Көпеев, Ж. Аймауытов, Е. Бекмаханов,
Сол жакта академиктердің мүсіндері: Қ. И. Сәтпаев, А. Бектұров, Ә. Марғулан, Ш. Шөкин.
Мүсін аллеясының симметриялық композициясын жеке тұрған – С. Торайғыровқа арналған мүсін аяқтайды. Скверге кіру жерінде мынадай жазуымен гранитік тумба орын тапқан:
Бүгіндегі жастарға оқу міндет, Тек қана оқуменен өнер білмек. Өнер-білім, адалдық, ар-намысты Жоятын надандық қой емсіз індет.
Мүсіндер қоладан жасалған, қызыл гранитпен қапталған постаменттерде орнатылған. Мүсін аллеясы шығыс архитектурасының шығармашылықстиліне жақын, оның көзге түсер ерекшелігі - экспозициялар гармониясы.
Ескертулер
Әдебиет • Павлодар. Павлодар облысы. Энциклопедия, Павлодар., 2003; Қазақстан, А-А., 1969 (Павлодар Ертіс өңірі)
Санат:Павлодар сәулеті