Атанды босағаға байлау - енші бөлу дәстүрінде орын алған рәсім атауы. Ата-анасынан енші алып шыққан ұл балалары отау болып шығар кезде еншіге наразы болмаса, онда үлкен қара шаңыраққа, кемпір-шалдың батасын алып, алған еншісінен таңдаулы ат немесе атанды босағаға байлап шығуы тиіс. Алған еншісінің көлеміне қарай аты мен атаны болмаса, кілем немесе шапан сияқты бұйымдар қалдырып кеткен. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2

Дереккөздер

Санат:Мәдениет Санат:Терминология