Батпақты – Жайық алабындағы өзен.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Қобда ауданы жерінде.

Бастауы Ақшат тауының солтүстік беткейінен басталып, Қосөткел ауылынының тұсында Қобда өзеніне құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 57 км, су жиналатын алабы 555 км2. Жағалауы жайпақ. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Су деңгейі көктемде көтеріледі, қуаңшылық жылдары өзен қарасуға бөлініп қалады. Суы шаруашылық қажетіне пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қобда ауданы өзендері Санат:Жайық су алабы өңірі өзендері