Баянжүрек – Жетісу (Жоңғар) Алатауының Қаратау сілеміндегі оқшау тау.
Географиялық орны Жетісу облысы Ақсу ауданында орналасқан. Ұзындығы 12 – 15 км, ені 8 – 10 км. Абсолюттік биіктігі 2079 м.
Жер бедері Тау беткейі қиыршықтасты жазық болып келеді. Тау қыртысы тақтатас, әктас және құмдақ шөгінділерінен түзілген. Баянжүрек тауы бөктерінен Бүйен өзенінің салалары бастау алады.
Өсімдігі Боз, селеу, жусан, көде, т.б. шөптесіндер өскен беткейі мен жазық өңірі мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақсу ауданы таулары Санат:Жетісу Алатауы