2012 жылғы Жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына арналған спорттық нысандардың басым көпшілігі Лондон қаласында орналасқан. Бірақ та кейбір спорттық шаралар қаладан тыс жерлерде өтеді. Ойындар өткізіліп болғаннан кейін, белгілі бір нысандар қайта бұзылады, ал қалғандары күрделі жөндеуден өткізіледі.

Нысандар және инфрақұрылым thumb|200px|Олимпиада стадионы (Лондон) thumb|200px|O2 аренасы thumb|200px|Уэмбли стадионы thumb|200px|Желкенді спорт түрінен сайысуға арналған айлақ 2012 жылы Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындар жаңа орындарда, әлдеқашан бар және тарихи нысандардарда, сонымен қатар заманауи құрылыстарда өткізілетін болады, соның ішіндегі ең танымалы — Гайд Парк пен Атты Гвардия.

Үлкен Лондонның маңында үш аймаққа бөлінген алып спорттық нысандар орналасады: Олимпиадалық аймақ — Олимпиадалық қалашық орналасқан жер; Өзендік аймақ — қала шығысындағы Темза өзінінің айналасы; Орталық аймақ — қаланың орталығы мен батыс аймағы.

Олимпиадалық аймақ Олимпиада стадионы — жеңіл атлетика, ашылу және жабылу салтанаты. Сулы орталық — ашық суда жүзуден басқа барлық суға қатыстқы спорт түрлері. Лондондық велопарк — велотрек және BMX. Ривербанк арена — көгалдағы хоккей. Баскетболдық арена — баскетбол, гандбол. Коппер бокс — гандбол, қазіргі бессайыс. Олимпиада қалашығы (Лондон)

Өзендік аймақ Көрме орталығы (Лондон) — бокс, семсерлесу, дзюдо, үстел теннисі, таэквондо, ауыр атлетика мен күрес. O2 аренасы мен Гринвич аренасы — бадминтон, баскетбол, гимнастиканың барлық түрі. Гринвичтік парк — ат спорты және қазіргі бессайыстың кейбір бөліктері. Казармы королевской артиллерии — нысана көздеу

Орталық аймақ Уэмбли — футбол. Уэмбли аренасы — бадминтон, көркем гимнастика. Лаун-теннис пен крокеттің Бүкілағылшындық клубы — теннис. Лордс крикет граунд — садақ ату. Риджентс-парк — велошоссе. Хорс Гардс Пэред — жағажай волейболы. Гайд-парк — триатлон мен ашық суда жүзу. Эрлс Корт — волейбол.

Лондоннан тыс аймақтар Қаладан тыс аймақтарда бірнеше спорттық стадиондар орналасады. Ұлыбританияның бес қаласында футбол бойынша іріктеу сындары өткізіледі: Хэмпден Парк, Глазго; Миллениум, Кардифф; Олд Траффорд, Манчестер; Сент-Джеймс Парк, Ньюкасл; Ковентри қаласының стадионы, Ковентри. Сонымен қатар Лондонның сыртында мынадай нысандар орналасады: Броксбурнның ескекпен кедергілер арқылы өту орталығы, Уэлтэм Кросс; Дорни Лейк, Дорни — академиялық есу мен байдаркада және каноэде есу; Уэймут пен Портлендтың желкенді спорттының Ұлттық академиясы, Портленд аралы; Хадли қала сыртындағы паркі, Хадли қамалынан алыс емес — маунтин-байк.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Olympic Park venuesLondon 2012 сайтында View the Olympic Park Google Maps арнайы картасында Olympic And Paralympic Venues in London — accessibility Inclusive London сайтында

Санат:2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары