Бессаусақты ергежейлі қосаяқ () – кеміргіштер отрядының қосаяқтар тұқымдасына жататын кішкентай аң.

Қазақстанда Солтүстік Балқаш өңірінде кездеседі.

Көбінесе, ұсақ қиыршық тасты шөлдерді мекендейді. Дене тұрқы 5,7 — 6,5 см, салмағы 15 — 17 г. Артқы аяғы бес бармақты, құлағы түтік тәрізді, құйрығы денесінен 2 еседей ұзын. Табанында сүйелді-мүйізді қабат бар. Ін қазып тіршілік етеді. Қорегін түнде аулайды. Негізінен өсімдік жапырақтарымен, тұқымымен қоректенеді. Бір жасында жыныстық жағынан жетіледі. Мамыр — маусымда ұрғашысы 2 — 4 қосаяқ табады. Қыркүйектің аяғынан сәуірдің ортасына дейін қысқы ұйқыға кетеді. Сирек кездесетін түр болғандықтан Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996).«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:Қосаяқтар Санат:Қазақстанның Қызыл кітабына енген сүтқоректілер Санат:Мәртебесі айқындалмаған түрлер Санат:Азия сүтқоректілері Санат:1903 жылы зерттелген жануарлар