Бейіт жаңғырту - құлаған бейіт үстіне мазар, кесене, там, төртқұлақты салу немесе қалпына келтіру, жаңғырту. Дәстүрлі ортада бейіт жаңғырту ісіне кіріспес бұрын құрбандық шалынып, Құран бағышталып, тиісті ғұрыптық шаралар атқарылады. Атақ-даңқы шыққан адамдардың ғана бейіті жаңғыртылып, көп реттерде аруаққа қозғау салынып, қайта тергеледі деген түсінікпен қарапайым адамдарға бейіт жаңғыртуға жол бере бермеген. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2

Дереккөздер

Санат:Мәдениет Санат:Терминология