Бойдақ саулық - жазғы мал сауыны мезгілінде қой-ешкіні бойдақ және саулық деп жіктеп, бөлек бағу тәсілі. Мұндайда бөлінген қозы-лақты бойдақ малға қосып бөлек бағады, бөлінген мал қосылып кетпес үшін бөлек қоныстанған ауылды да бойлақ-саулық бағатын ауыл дейді. Көбінесе қозы-лақ жетілген күз мезгілінде осылайша бөлініп бағылады. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Дереккөздер
Санат:Мәдениет Санат:Терминология