Бесшоқы – Каспий маңы ойпатындағы қырат.

Географиялық орны Атырау облысының Құрманғазы ауданында орналасқан.

Жер бедері Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 20 км-ге созылған, ені 8-12 м. Абсолюттік биіктігі 14 м. Қыраттың оңтүстік-шығыс беткейі кемерлі. Көлбеу солтүстік-батыс беткейі біртіндеп аласарып, Бесоба сорына ұласады.

Топырағы, өсімдігі Топырағы құнарсыз, сортаңды сұр. Онда бұйырғын, сораң сияқты өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясы, II-том

Дереккөздер

Санат:Қыраттар Санат:Құрманғазы ауданы таулары