Бүлдіршін - сәби шақтан өтіп, жасөспірім шаққа жетпеген бала. Ойын баласы саналатын бүлдіршіндер тәтті қылығымен ата-ананы қызыққа бөлеп, қоршаған ортасын тануға, әр нәрсені білуге талпынып ұмтылады. Бүлдіршін көрген затының атын айтуға қиналса, оның сипатына, түсіне, сыртқы пішініне қарай ұқсас заттармен ауыстырып атап, бал тілімен сүйсіндіреді. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2

Дереккөздер

Санат:Мәдениет Санат:Терминология