Борис Евгеньевич Патон (27.11.1918 жылы Киев) - техника ғылым доктары (1952), профессор, екі мәрте Социалистік Еңбек Epi (1969,1978), тарихта тұңғыш Украина Батыры (1998), Украина Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (1958) әрі Президенті, КСРО Ғылым Академиясы - қазіргі Ресей Ғылым Академиясының академигі (1962), Ғылым Академияларының Халықаралық қауымдастығының президенті, Рим клубының құрметті мүшесі, Евгений Оскарович Патонның ұлы.

Киев политехника институтын бітірген (1941). 1941-42 жылы зауытта электртехника лаборатория инженері, 1942-45 жылы УКСР Ғылым Академиясы Е.О.Патон атындағы Электрдәнекерлеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, 1945-50 жылы бөлім меңгерушісі, 1950-53 жылы директордың орынбасары, директоры, 1986-94 жылы УКСР Мемлекеттік жоспарлау және Украина Ғылым Академиясы Президиумы жанындағы техника және әлеуметтік-экономика болжау мәселелері бойынша ведомство аралық ғылым кеңестің басшысы, журналдардың бас редакторы, 1992-95 жылы Украинаның ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитетінің бастығы қызметтерін атқарған. 1992 жылы Украинаның Жоғарғы Радасының техника саясат мәселелері жөніндегі алқасының мүшесі, 1959-88 жылы депутат, 1963-80 жылы УКСР ЖК Төралкасының мүшесі, 1962-89 жылы КСРО ЖК 6-11-шақырылымдарының депутаты, 1966— 89 жылы КСРО ЖК Одак Кеңесі төрағасының орынбасары, 1989-91 жылы КСРО халық депутаты.

Украинаның ұлттық кауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің мүшесі (1997-2005). 1000-нан астам ғылым еңбектердің, 20 монография, 400 өнертабыстың авторы. Патон Украина Ғылым Академиясының президенті болған жылдары Қаныш Сәтбаевпен әріптестік қарым-қатынаста болды.Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8

Дереккөздер

Санат:27 қарашада туғандар Санат:1918 жылы туғандар Санат:Киевте туғандар Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:КСРО Ғылым Академиясының академиктері Санат:Украина ұлттық ғылым академиясының толық мүшелері Санат:Ресей ғылым академиясының толық мүшелері Санат:Екі мәрте Социалистік еңбек ерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Халықтар Достығы орденінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:Украина батырлары Санат:Азаттық орденінің (Украина) иегерлері Санат:1 дәрежелі князь Ярослав Мудрый орденінің иегерлері Санат:4 дәрежелі князь Ярослав Мудрый орденінің иегерлері Санат:5 дәрежелі князь Ярослав Мудрый орденінің иегерлері Санат:1 дәрежелі Еңбегі үшін украиндық орденінің иегерлері Санат:Еңбегі үшін (Озаттық құрмет белгісі) украиндық орденінің иегерлері Санат:1 дәрежелі Отан алдындағы қызметі үшін орденінің иегерлері Санат:2 дәрежелі Отан алдындағы қызметі үшін орденінің иегерлері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:1 дәрежелі Отан алдындағы қызметі үшін орденінің (ГДР) иегерлері Санат:Кирилл мен Мефодий орденінің иегерлері Санат:Достық чехословактық орденінің иегерлері Санат:Итальян Республикасы алдындағы еңбегі үшін орденінің иегерлері Санат:Литва Гядиминас Ұлы князі орденінің гранд-офицерлері Санат:Абырой орденінің (Грузия) иегерлері Санат:Халықтар достығы (Беларусь) орденінің иегерлері Санат:Франциск Скорин орденінің иегерлері Санат:Данакер орденінің иегерлері Санат:2 дәрежелі Достық орденінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Украина тәуелсіздігіне 25 жыл мерейтойлық медалінің иегерлері Санат:Лениндік сыйлықтың иегерлері Санат:Сталиндік сыйлықтың иегерлері Санат:КСРО Министрлер Кеңесі сыйлығының иегерлері Санат:Украина мемлекеттік сыйлығыынң иегерлері Санат:КСРО-ның еңбек сіңірген өнертапқыштары