Ділда алқа - алтын алқа, алтын өңіржиек; алтын алқаның көнерген атауы. Ділда алқа таза алтыннан соғылып, қақталып та, алтыннан соғылған теңгелерден үзбелестіріліп те жасалған.

Атам атын айтайын, Халқынан асқан Базарбай, Қой ішінде марқадай, Омырауда ділда алқадай,

немесе:

Алтын балдақ қылыш бер, Қынабы болсын сырлаған. Он алты жасар қыз әпер, Шашбауы болсын ділдадан. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2

Дереккөздер

Санат:Мәдениет Санат:Терминология