Аягөз Ермекқызы Елешова (9.5.1978 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Теңдік ауылы) - техника ғылымдарының кандидаты (2009), доцент.
Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (1999). Осы университеттің механика кафедрасында стажер-зерттеуші (1999-2001), оқытушы (2001-04), аға оқытушы (2004-05), магистрант және аспирант, ғылыми жұмыстар жөніндегі деканның орынбасары (2005-06) қызметгерін атқарды. Қазіргі уақытта осы университетте доцент. Қарағанды мемлекеттік университетінің Құрмет грамотасымен (2004) марапатталған.Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8
Дереккөздер
Санат:1978 жылы туғандар Санат:Баянауыл ауданында туғандар Санат:Қазақстан инженерлері Санат:Қазақстан ғалымдары