Степное — Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ауыл, Степной ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Қордай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 9 км-дей жерде, боз жусан, күйреуік, баялыш, т.б. шөптесін өскен тау алды даласының бозғылт қоңыр, сұр топырақты төбелі-жонды келген құрғақ агроклиматтық белдемінде орналасқан.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен2795 3618 129,4 1385 1808 130,5 1410 1810 128,4

Тарихы Іргесі 1930 жылы қаланған. 1936–1997 жылдары қызылшаның асыл тұқымын өсіретін «Георгиев» қызылша кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде Степноеда 1997 жылдан өндірістік кооператив және шаруа қожалықтары құрылды.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Жақын темір жолы станциясы — Шу (90 км).

Дереккөздер

Санат:Қордай ауданы елді мекендері