Бозшасор – Павлодар облысы Май ауданы Теміртау тауының солтүстік-батысындағы көл.
Гидрографикасы Аумағы 4,82 км2, теңіз деңгейінен биіктігі 129,1 м, ұзындығы 2,3 км, енді жері 1,8 км, жағалау бойының ұзындығы 11,4 км. Негізінен қар және жер асты суларымен толысады. Қараша айында суы қатып, сәуірде мұзы ериді. Суы тұзды, кермек, сілтілігі төмен. Жақын маңайдағы шаруашылықтар пайдаланады.
Өсімдігі Жағалауы жайпақ, жусан мен сор өсімдіктері өседі.
Санат:Май ауданы көлдері