Бұланды қорықшасы – республикалық маңызы бар зоологиялық қорықша.

Географиялық орны Ақмола облысы Бұланды және Біржан сал аудандарының жерінде. Қорықша 1971 жылы құрылған. Аумағы 47 076 га.

Жер бедері, флорасы мен фаунасы Жер бедері – қыратты, жоталы жазық, кей жерінде аласа гранит жоталар да кездеседі. Жазық жерлердің көпшілік бөлігін қарағайлы орман алып жатыр, онда қайың, көктерек, жеміс-жидек бұталары өседі. Бұланды қорықшасында тұяқты сүтқоректілерден бұлан, марал, елік тіршілік етеді. Бұл өңірде ерте кездерде бұлан көп болған, соған байланысты «Бұланды» аталған.Қазақ энциклопедиясы II том

Дереккөздер

Санат:Қазақстан қаумалдары Санат:Ақмола облысы географиясы