Дарбай () – астралылар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Таралуы, өсетін жері Қазақстанда өзен-көл жағалауларында, құмды, батпақты жерлерде өсетін 1 түрі – қазығұрт Дарбайы (Evax fіlagіnoіdes) бар.
Ботаникалық сипаты Биіктігі 4-13 (17) см. Сабақтары қарапайым, тік өседі, жоғары жағы айыр бұтақты. Жапырақтары ұзынша, үшкір. Гүлі көп қос жынысты, гүлсебеттерідомалақ, 2-5-тен қалың, шатырша сияқты шоғырланған. Шілде айында гүлдеп, тамызда жемістенеді. Тұқымы ұсақ, ашық қоңыр түсті, сыртын қылтан түк жапқан. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Күрделігүлділер Санат:Қазақстан флорасы