Лузиания () — Бразилиядағы муниципалитет, Гояс штатында орналасқан. Шығыс Гойас мезорегионының құрамдас бөлігі болып табылатын Энторну-ду-Дистриту-Федерал экономика-статистикалық микрорегионының құрамына кіреді.

2022 жылғы мәліметтер бойынша тұрғындарының саны 209 129 адамды құрайды. Алып жатқан жер аумағы 3 961,536 км² шамасында. Халық тығыздығы — 52,8 адам/км².

Тарихы Қала тарихы XVIII ғасырдағы Бразилияның отарлық кезеңінен бастау алады. Осы кезеңде Сан Паулудан жаңа алтын кеніштерін іздеп шыққан зерттеушілердің бірі 1746 жылғы 13 желтоқсанда Вермелхо өзенінің () жағасында демалып отырғанда алтын түйіршіктерін байқайды. Келесі күні ол салтанатты түрде крест орнатып, табылған кеніштер мен болашақ қонысты Әулие Люсияға арнайды. Алтын кендерінің ашылуы өңірге жаппай қоныс аударуға себеп болып, бір жылға жетпей елді мекен халқы 10 000 адамнан асты.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:Гояс елді мекендері