Дуанбас, бургомистр () – татреңтәрізділер отрядының шағалалар тұқымдасына жататын құс.

Қанатының ұзындығы 80 см-дей, салмағы 1,5 – 1,7 кг, ең ірі шағалалардың бірі. Түсі ақ. Тұмсығы сары-қызыл, дақты. Негізінен Еуразия, Америка құрлықтары мен аралдарын мекендейді. Қазақстанға (Каспий теңізі жағалауына, Ертіс, Іле өзендеріне) бірнеше рет ұшып келген. Қатпар тастардың арасына немесе құс базарына (Солтүстік Мұзды мұхит, Атлант, Тынық мұхиттары, Қазақстанда Арал теңізі жағалауындағы) жақын жерге ұя салады. 2 – 4-тен жұмыртқалайды. Балықтар, шаянтәрізділер, ұсақ жәндіктермен, сондай-ақ құстың жұмыртқасымен, балапанымен қоректенеді.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

Дереккөздер

Санат:Шағалалар