Егізқара – Арал қарақұмының оңтүстік-шығысындағы қырат, тау жұрнағы.
Географиялық орны Қызылорда облысы Жалағаш ауданы жерінде.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 288 м. Батыстан шығысқа қарай 40 км-ге созылған, ені 10-13 км. Жондалып тегістеу келген денудациялық қырқаның беткейлері сай-жыралармен тілімденген.
Геологиялық құрылымы Бор дәуірінің құмдақ, алевролит, кварцит, саз араласқан шөгінділерінен түзілген.
Өсімдігі Сұр, сортаңды топырағында жусанды-сораңды шөптесіндер өскен. Мал жайылымына қолайлы.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер
Санат:Жалағаш ауданы таулары