Асубұлақ — Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы кент, Асубұлақ кенттік әкімдігі орталығы.

Географиялық орны Өскемен қаласынан 90 км-дей жерде, Қалба жотасының орталық бөлігінде, Асубұлақ өзенінің оң жағалауында орналасқан.

Тарихы Іргесі сирек металдар кенін өндіруге байланысты 1941 жылы қаланған.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен47462705 1932 71,4 1251 934 74,7 1454 998 68,6

Инфрақұрылымы Кен байыту фабрикасы, аудандық тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, спорт кешені, орта мектептер, кітапханалар, аурухана, дәріханалар, мәдениет үйі, бала бақшалар бар. Кент тұрғындары облыс, аудан орталықтарымен, елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Ұлан ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері