Иван Тихонович Гулькин (23.6.1923, Шығыс Қазақстан облысы Алексеевка селосы - 13.1945, Германия) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, ұшқыш, эскадрилья командирі, гвардия капитаны. Морав ауылы Барнаулдағы (Ресей, Алтай өлкесі) орта мектепте, сонымен қатар қаладағы аэроклубта оқыған. Кеңес әскері қатарына 1941 жылы 4 қаңтарда Барнаул қаласы эскери комиссариатынан шақырылған. 1942 жылы Майкоп (Ресей, Краснодар өлкесі) Әскери-әуе училищесін бітірді. 1942 жылдың мамырынан Дала майданының 5-әуе күштері армиясы 1-штурмдық авиация корпусы 292-штурмдық авиация дивизиясы 667-штурмдық авиация полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысты. 1943 жылдың қыркүйегіне карай Гулькин 93 жауынгерлік тапсырмамен әуеге көтеріліп, жау техникасымен әскерін жойды әрі әуеде өз тобымен 3 жау ұшағын атып түсірді. КСРО Жоғарғы Кеңес Төралқасының Жарлығымен Гулькинге жауынгерлік тапсырмаларды үздік орындағаны үшін Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп (4.2.1944Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза офицерскому составу военно-воздушных сил Красной Армии» от 4 февраля 1944 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1944. — 17 февраля (№ 10 (270)). — С. 1), Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі тапсырылды. 1945 жылы 4 наурызда Германия жерінде кезекті тапсырмадан оралмаған. Барнаул қаласындағы көшеге батырдың есімі беріліп, сондағы №25 орта мектеп пен өзі тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды.Ленин, Қызыл Ту, Александр Невский, 1-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған.Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:1923 жылы туғандар Санат:1945 жылы қайтыс болғандар