Григорий Федосеевич Иванов (3.12.1919, Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Тархан ауылы - 5.1945, Глубокое ауданы) — 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия лейтенанты, танк командирі.

Мектеп бітіргеннен сон ұжымшарда трактор жүргізушісі болып жұмыс істеді. 1939 жылдың күзінде Кеңес әскері қатарына шақырылды. 1942 жылдың мамыр айынан бастап фашистік Германияны жеңген күнге дейін Иванов майданда 181-танк бригада- сында үрыстарға қатысты. Ол Еділ жағалауы мен Кавказ тау сілемдерінен бастап, Румыния, Венгрия елдері арқылы Берлинге дейін жетті. 1944 жылы қыркүйекте 181-танк бригадасы Венгрия аумағын азат ете отырып, Тиса өзеніне жетті. Тиса өзенінің аңғарындағы Сентеш қаласының Солтүстік-батысынан 3 шақырым жерде орналасқан өткелді алуға тапсырма берілді. Кеңес әскерінің 3 танкісі жаудың қоршауын бұзып шығып, жаудың тылына өтті. Жау танкішілерге оқты қарша боратты. 12 сағатқа созылған ұрыста Иванов ауыр жараланды. Кеңес әскерінің 3 танкісі жаудың бірнеше бөлімінің тегеурініне төтеп берді. Жасаған ерлігі үшін Ивановқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945).

Ленин, «Қызыл Жұлдыз», 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:3 желтоқсанда туғандар Санат:1919 жылы туғандар Санат:Глубокое ауданында туғандар Санат:1945 жылы қайтыс болғандар Санат:Глубокое ауданында қайтыс болғандар Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:КСРО кіші лейтенанттары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Ұлы Отан соғысы танкистері Санат:КСРО танкистері