Қыстаубай Жиенәліұлы (шамамен 1814-1845) - батыр.

Кіші жүздің Шөмекей руы Бозғыл (Бозғұл) бұтағынан шыққан Кете Шомекей шежіресі / Дайрабаев Т. – Алматы, Ана тілі, 1995. - 167 бет..

Сыр өңірі қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне қарсы күресіне, 19 ғасырдың 40-жылдары Кенесары Қасымовтың Созақ жорығына Жанқожа, Бұқарбай, Тоғанас батырлармен бірге қатысқан. Қыстаубайдың ерлігі туралы Балқы Базар, Т.Ізтілеуов, Шораяқтың Омары, т.б. ақын-жыраулар көп жырлаған. Мәйіті Қызылорда облысы Сырдария ауданы Көктөбе деген жерге қойылған. А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х

Шежіре: Қыстаубай-Жиенбай-Жиенәлі-Қоныс (Аю)-Қоңыр-Қожас-Қаратамыр- -Бозгул-Шомекей

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар