Василий Романович Спирин (29.1.1926 жылы туған, Ресей, Саратов облысы, Ершов ауданы, Александрия деревнясы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, лейтенант, 2-топтағы мүгедек, орыс.
Соғысқа дейін Свердловск қаласының (қазіргі Екатеринбург қаласы) кәсіпорындарының бірінде жұмыс істеген. 1943 жылы қарашада Кеңес әскері қатарына алынып, З-Прибалтика және Карелия майдандарындағы шайқастарға, Ленинград облысын азат етуге қатысты. 1944 жылдың шілдесінен офицерлік құрамның майдандағы курстарында оқыды. 1945 жылдың тамыз — қыркүйек айларында Қиыр Шығыста Жапониямен болған соғыста екі рет ауыр жараланды. Оңтүстік Карелияны азат етуде көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы және Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі берілді (21.7.1944). 1-дәрежелі Отан соғысы орденінің, бірнеше медальдардың иегері. 1947 жылы әскери училище бітірді. Денсаулығына байланысты 1950 жылы запасқа шықты. Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Жар ауылында тұрып, киномеханик болып жұмыс істеді.А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:29 қаңтарда туғандар Санат:1926 жылы туғандар Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Ершов ауданында туғандар Санат:1 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:1992 жылы қайтыс болғандар Санат:Катонқарағай ауданында қайтыс болғандар Санат:КСРО лейтенанттары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Ерлігі үшін медалінің иегерлері (КСРО) Санат:Ұлы Отан соғысы жаяу әскерлері Санат:Кеңес-фин соғысының (1941-1944) қатысушылары Санат:Кеңес-жапон соғысының қатысушылары