Ащысор — Нұра өзенінің алабындағы тұйық, тұзды көл.

Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданының орталығы - Нұра кентінен батысқа қарай 27 км жерде, Мұзбел оңтүстігінде орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 24 км2. Ұзындығы 6 км, ені 4 км, тереңдігі 0,6 м. Су жиналатын алабы 177 км2. Жауын-шашын аз жылдары аумағы кішірейіп қалады. Суы кермек, тым тұтқыр, әлсіз сілтілі келеді. Жалпы минералд. 5,6 г/л. Қарашада мұз қатып, сәуірде ериді.

Жағалау сипаты Жағалауы ұсақ шығанақ, түбектермен тілімделген. Көл жағалауында құрақ, қамыс, әр түрлі шөпті шалғын мен бұта өседі. Суы көктемде мал суаруға, алабы мал жаюға пайдаланылады.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы көлдері Санат:Нұра су алабы