Жәрімбет Cолтанұлы (1735 — 1809) — би. Сырдарияның төменгі ағысы бойында туып-өскен. Кіші жүздің Шөмекей руы Бозғыл (Бозғұл) бұтағынан шыққан Кете Шомекей шежіресі / Дайрабаев Т. – Алматы, Ана тілі, 1995. - 167 бет..

Ел бірлігін, тыныштығын сақтауға ат салысқан. Жәрімбет биді Сыр бойының ақындары өз жырларына арқау еткен. Есімі бүтін бір рулы елге айналған Жәрімбет биден 14 ұрпақ тараған. Белгілі қоғам қайраткері Т.Жүргенов Жәрімбет бидің 5-ші ұрпағы. 1995 жылы Жәрімбет бидің қабірі қайта тұрғызылып, басына ескерткіш күмбез орнатылды. Қазақ энциклопедиясы

Шежіре: Жәрімбет-Солтан-Өтебай (алты Өтебай)-Келдібай-Бозғүл (Бозғыл)-Шомекей

Дереккөздер

Санат:1735 жылы туғандар Санат:1809 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақ би-шешендері