thumb|200px|right|Лютердің 95 Тұжырымдары Реформация ( - қайта құру түзеті) - римдік католиктік шіркеудің монополиясында, христиан діни ілімін Папа билігі тұрғысынан түсіндіруге қарсы бағытталған Солтүстік және Орталық Еуропадағы 16 ғасырдағы діни - қоғамдық қозғалыс.

Реформацияның көсемдері және негізін салушылар - М. Лютер мен Ж. Кальвин.

Реформацияның нәтижесі христан дінінің жаңа тармағы - протестантизмнің пайда болуы. Протестантизмнің римдік-католиктік шіркеуден бөлінуін Папа тағы заңды түрде мойындады. Протестантизмде шіркеу осы дүниелік институтқа, ал Інжілді білу оның діни негізіне айналады. Зұлымдық - діни надандықтың синонимі, ол Құдай сөзін білмеудің салдары. Дүниені Құдай сөзін халыққа түсінікті тілде уағыздау арқылы түзетуге болады.Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8

Реформацияның басталуы Еуропа елдерінің мәдени-тарихи дамуындағы басты кезең — Реформация дәуірі болып саналады. Реформация — XVI ғасырда алғашқы ширегінде неміс елінің топырағында дүниеге келген діни-идеологиялық және әлеуметтік-саяси қозғалыс. Ол католиктік бағыт түрінде қалыптасқан христиан дінінің кейбір қағидаларын қайта қарап, жаңғыртуға бағытталған. Бұл қадам Римдік-католиктік шіркеудің шектен тыс шығушылығынан, оның қарама-қайшылықтарға толы идеологиясына көңілі толмаушылықтан туған еді. Өзінің мәні жағынан алып қарағанда, Реформация буржуазия табының ескі орта ғасырлық тәртіптеріне қарсы болатын. Христиан дінін қайта қарауды, адамның дүние-танымы мен сана-сезімін өзгертуді мақсат еткен бұл діни қозғалыс жаңа капиталистік қарым-қатынастарға жол ашып берді. Реформацияның ең басты мәселелерінің бірі — христиан дінінің жаңа үшінші бағыты — протестанизмнің католиктерден алшақтай бастауы. Сонымен қатар, папа бастаған Римдік католик шіркеуінің билігіне шек қойылды, одан қалды кез келген шіркеу билігі мен байлығына тосқауыл жасалды. Реформация қозғалысының мазмұны мен мәні — оның объективтік қорытындылары сияқты осы қозғалысқа қатысушылармен қатар, бұл қозғалысқа дем беруші — идеологтарға да түсініксіздеу болып қалған сияқты. Олай болса, мәдени-тарихи процесс үшін Реформацияның маңызын анықтау — бүгінгі таңдағы тарих және мәдениеттану ғылымдарының үлесіне тиер келелі мәселе болып қалары сөзсіз.

Реформацияның басталуы — «Қайта жаңғыру» мәдениетінің соңғы кезеңімен сәйкес келеді. Демек, бұл діни қозғалыс адамзат баласы басынан кешірген прогрессивтік төңкерістердің ішіндегі ең ұлы мәдени тәңкеріс — «Қайта жаңғыру» дәуірінің заңды жалғасы болып саналады. Ал осы екі мәдени-діни қозға- лыстардың арасында заман ағымынан, рухани қажеттіліктен туған байланыс та, қарама-қайшылық та бар, өйткені Қайта жаңғыру дәуірінің тарихи маңызы — гуманизм идеологиясымен, гуманизм идеяларымен таразыланады. Шындығында да, гуманистер адамның ұлылығына, оның жан-дүниесінің сұлулығына, оның бойындағы ізгілік қасиеттерге табына отырып, адамның бостандық алуға, бақытты болуға еркі бар екендігін жариялады, адамдар арасындағы қарым-қатынастар әділдік, адамгершілік, теңдік жағдайында болу керек деп есептеді, адамның игілігі — әлеуметтік құрылыстың негізі болып саналатындығын мойындады, адамды дін бұғауынан босатуға күш салды. Олар адамның атағы мен шыққан тегіне қарамай тәуелсіз болуын қалады, оның жан-жақты жетілуін жақтады. Гуманистер адам — құдайдың ең жетілген, ең әсем, ең әдемі туындысы деп санады. Олар Библияның адам жөніндегі қағидаларын — оның жасампаздық, шығармашылық қызметтерімен байланыстыра қарастырып, дүниені танып-білу, оны өзгерту, дүниені еңбекпен жаңғырту, өнерді, ғылымды, қолөнерді өркендету — адамзат баласының қасиеті де, ардақты борышы деп түсінді. Ал осы бір адам ұлылығын, оның бойындағы адамгершілік қасиеттерді дәріптеушілікке Реформация — адамның құдай алдындағы дәрменсіздігі туралы идеяны қарама-қарсы қойды. Адамзаттың ақыл-ойы мен таным күшінің құдіреттілігін дәріптеу — протестанттық ағымның тосқауылына жолықты.

thumb|150px|right|Мартин Лютердің өмірі және Реформацияның қаһармандары «Ақыл-ой» иелерін жек көру, ғылымға деген өшпенділік етек алды. Өз қабілеттерін қажырлы да, табанды еңбегімен дамытып, алға қойған мақсатынан қайтпайтын, өздеріне сенімді Реформация қайраткерлерінің өздері де халықтың арасынан шыққан адамдар болатын. Осы жағынан алып қарағанда, олар — білімді ақсүйектер қатарына жататын, философия, поэзия және т.б. ғылым салаларын жетік меңгерген Қайта жаңғыру заманының гуманистерінен аралары едәуір алшақ болатын. Осы орайда мынандай орынды сұрақтар туындайды. Адамның ұлылығын дәріптеген, болашақ ұрпаққа өнердің тамаша ескерткіштерін, өнердің сан-саласынан баға жетпес асыл мұралар қалдырған Қайта жаңғыру дәуірінің гуманистік мәдениеті мен реформаланған христиандық гуманизмнің аясында қалыптасқан, дүние- танымы өзгеше, жаңа дін мен адамның арасында қандай үқсастық бар? Осыдан келіп екінші сұрақ туындайды. Ақсүйектік — элиталық мәдениет пен дүниеге діни көзқарастың жаңа тәсілінің арасында қандай байланыс бар? Бұл сұрақтарға жауапты күні өтіп бара жатқан феодалдық қоғам мәдениетіне қарама-қарсы енді ғана қалыптасып келе жатқан буржуазиялық қоғамның қойнауында туындаған Қайта жаңғыру дәуірі мәдениетінің жаңа бағыттарының: ақсүйектік (гуманистік) және діни (реформация) табиғатынан іздеуіміз керек.

250px|left|thumb|Мартин Лютер «Бірінші буржуазиялық революция» деген атаққа ие болған бұл діни қозғалыстың дем берушісі — Витенберг университетінің профессоры, Августин шіркеуінің монахы Мартин Лютер. Дін саласындағы түбегейлі өзгерістер, яғни реформалар жолындағы бұл қозғалыс — католиктік шіркеуді қайта құруға, діни салт-жоралар үшін төленетін шамадан тыс мөлшердегі салықтарға тыйым салуға, христиан дінінің қарама-қайшылықтарға толы қағидаларын алып тастауға бағытталды. Демек, бұл қозғалыстың нәтижесінде жаңа шіркеу және жаңа діни қағидаларға негізделген христиан дінінің «протестанизм» деп аталатын мүлде жаңа бағыты қалыптасты.

Дін тарихында «протестанизм» деген атау 1529 жылы Шпейер рейхстагында алғаш рет қолданылды. Мұнда Лютердің жақтастары осы рейхстагтың 1526 жылғы «Дін тұту еркіндігі туралы» өз шешімдерін бұзу әрекетіне «қарсылық» білдірген болатын.

Лютердің жаңа бағытқа байланысты идеялары көпшілік тарапынан қызу қолдау тапты. Реформациялық қозғалыстың етек алуы, реформаторлардың батыл іс-әрекеттері және осы бір жеңістердің нәтижесінде Римнің ықпалынан Германия мен Швецияның көптеген жерлерінің шыға бастауы, одан қалды протестанизм идеяларының Францияға кеңінен тарап, ал Англияда өкімет тарапынан қолдау табуы — католик шіркеуін қатты мазасыздандырды. Ендігі жерде Рим өзінің шайқалған беделін нығайтып, католиктік шіркеуді қорғап қалуға жанталаса кірісті. Шиеленіскен осы бір жағдайда папа үкіметі реформаларды «Жоғарыдан» жасауға дайын тұрды.

Бұл реформалардың негізгі мақсаты — жаңа протестанттық шіркеуге кіріп, «адасқаңдардың» бәрін қайтарып алу болатын. Католиктік шіркеудің бұл саясаты протестанизммен ашықтан-ашық қақтығыстарға, діни соғыстарға әкеліп соқты.

Контрреформация Тридент соборының шешімдерімен және иезуит орденінің (Иисус қоғамы) жеңістерімен рухтанған бұл діни қарсылық «контрреволюция» деген атаққа ие болды. Собор шешімдерінде католиктік шіркеудің принциптері нығайтылып, протестанттармен қатар, гуманистер де қатал сынға алынып, оқуға тыйым салынған кітаптардың тізімін шығарып тұру туралы шешім қабылданды. 1564 жылы папа Пий IV-нің кезінде «Тыйым салынған кітаптардың индексі» толықтырылып қайта басылып шықты. Олардың ішінде Коперниктің атақты еңбектері, Дантенің «Құдіретті комедиясы», Боккаччоның «Декамероны» және т.б. гуманистердің құнды еңбектері болды.

Франциядағы Реформация left|150px|thumb|Варфоломей түні, сурет салған Франк Дюбос Иезуит орденінің қызметін көзге елестету үшін тарихта белгілі «Варфоломей түнінің» уақиғаларын айтсақ та жеткілікті сияқты. Франциядағы протестанизмнің жеңістерінен қатты қауіптенген католиктік шіркеу протестанттар қозғалысын аяусыз басып-жаншуға иезуиттерді аттандырды. Айуандыққа толы бұл уақиғалардың нәтижесінде 1572 жылдың екінші тамызында бүкіл Франция елі қанға боялды; бірнеше сағаттың ішінде ғана Парижде екі мың адам, Лионда — 800, Орлеанда — 500 адам өлтірілді, ал осыдан кейінгі уақиғалар барысында небәрі екі аптаның ішінде 30 мың протестант қанға боялды. Рим бұл жеңісті папаның нұсқауымен тойға айналдырып, қанды қырғынға қатысқаңдарға медальдар тапсырды.

200px|right|thumb|Роттердамдық Эразм Осы бір жеңістердің нәтижесі болар, XVI ғасырдың аяғына қарай католиктік шіркеу өзін еркін сезіне бастады және өз ықпалын Италия, Франция, Германия сияқты Еуропа мемлекеттерінде күшейтуге барынша күш сала бастады. Еуропа мәдениетінің одан әрі қалыптасу процесіне христиан дінінің католиктер және протестанттар болып екіге бөлінуі өз әсерін тигізбей қалған жоқ. Бір ескерте кететін жайт, осындай қанды уақиғалар кезінде гуманистер екі жаққа да қосылмай бейтарап қалды. Бірақ гуманистер мен протестанттар арасындағы пікір таластары бір сәтке де толастамады. Оған гуманист Роттердамдық Эразм мен Мартин Лютердің «Адам еркінің бостандығы» төңірегіндегі таластары дәлел бола алады. Бұл талас барысында Лютер Эразмды папаның саясатын қолдады деп айыптаса, Эразм өзара талқыға түскен мәселенің мүлде басқаша екендігін дәлел-деуге тырысты.

Бірақ орын алған қарама-қайшылықтарға қара- мастан гуманистер де, протестанттар да өздерінің іс-әрекеттері арқылы, идеялық бағыттары арқылы менталитеттің жаңа түрінің қалыптасу процесін жылдамдата түсті, соның нәтижесінде болашақ XVII ғасырдағы мәдениетінің жаңа үлгісінің қалыптасуына жол ашып берді. Ол адамның ақыл-ойының жемісі, оның шығармашылығының ерекше саласы — ғылым мен өзінің кәсіби қызметінде шіркеу ықпалынан тәуелсіз, өзін еркін сезінетін ғалымдардың жаңа типі болатын. Мұндай ойшыл-ғалымдардың қатарына ғасырлар бойы білім дариясынан сусындаған гуманистерді жатқызамыз.

Галилейдің пайымдауынша, барған сайын табиғаттың өзі де білім көзіне айналып, кітаппен сабақ- тастық табады, өйткені табиғаттың өзінен-ақ оның өз заңдылықтарын танып-білуге болады.

Гуманистер де, протестанттар да нағыз білім көздерін ашуға әрекет жасады. Бұл міндетті жүзеге асыру барысында олардың арасында қайшылықтар болмады десе де болады, бар болғаны гуманистер көне классикалық әдебиет пен философияға, ал реформаторлар Библияға жүгінді. Бірақ бұл айырмашылыққа қарап, олардың арасында байланыс болмады, гуманистер Библияны оқымаған екен, ал протестанттар Платон мен Аристотельді білмеген екен деген асығыс қорытынды шығаруға тағы болмайды. Әрине, олардың дүниеге көзқарастары әр түрлі болды, сондықтан да болар олар әр түрлі мәселелер төңірегінде қызу таластарға дейін барды, бірақ олардың рационалдық білім жүйелерінің, мөлшері мен әдістерін қалыптастыру жолындағы мөдени қызметі қарқынды жүргізілді. Солай десек те, гуманистер мен реформаторлардың ғылым мен білім жолындағы ізденістерінде айтарлықтай айырмашылықтарды да байқауға болды.

Гуманистер классикалық әдемі тілді, көне заман мен христиандық мәдениет даналығын өз бойына сіңіре білген әрі бай, әрі әдемі латын тіліне бас иді. Олар танымның мәнін адамның бұл дүниеде алатын орнымен байланыстыра қарастырып, білімнің адам өмірін қайта өзгертудегі атқарар қызметінің ұшан- теңіз екендігіне баса назар аударды.

Ал реформаторлар болса Христосқа деген өз сенімдерінің ақиқаттығын басты орынға қойды және оның ілімін насихаттай отырып, біліммен қатар адамгершілік қасиеттерді, сеніммен өмір сүруді алға тартты. Олар айтылған ойдың ақиқаттығы көне заман даналары мен осы заманның ғалымдарының, одан қалды Рим шіркеуінің діни қайраткерлерінің беделімен, немесе солардың айтқан қағидаларына сүйену арқылы дәлелдену керек деп санады. Олардың пікірінше, құдай сөзі әрбір адамға арналған, соған бағытталған, ал өз кезегінде кұдай сөзін шын жүректен қабылдап-ұғыну, оған сеніммен қарау — әрбір адамның өзіне байланысты. Жеке адамның сенімі құдай жайындағы ақиқатты білуді қажет етеді, демек Лютердің жолын қуушы әрбір адам бұл қағиданы ескере отырып, Библияның мән-мағынасын, мазмұнын жете түсініп, оны меңгере білу қажет.