Торғай облысы — Қазақ КСР (1970–1988, 1990–1991) және Қазақстан Республикасының (1991–1997) құрамындағы әкімшілік бірлік. Әкімшілік орталығы — Арқалық қаласы.
Географиясы Облыс Қазақстанның орталық бөлігінде, Есіл және Торғай өзендерінің алабында орналасты. Ауданы 111,9 мың. км2. Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Ақмола облысы және Жезқазған облыстарымен шекаралас болды.
Тарихы 1970 жылғы 23 қарашада Қазақ КСР-ның құрамындағы Қостанай облысының оңтүстік аудандарын Ақмола облысының батыс аудандарымен біріктіру арқылы Торғай облысы құрылды. Облыс орталығы болып Арқалық қаласы белгіленді. 1970 жылғы 4 желтоқсаннда Қима ауданы құрылды.
1977 жылғы 15 ақпанда Торғай облысының құрамында Амантоғай ауданы құрылды.
1988 жылғы 2 маусымда облыс таратылды.
1990 жылғы 17 тамызда облыс қайтадан құрылып, құрамына Қостанай облысының Арқалық қаласы (әкімшілік орталығы), Амангелді, Арқалық, Жангелдин, Октябрь аудандары және Целиноград облысының Державин, Есіл, Жақсы, Жаңадала, Қима аудандары енді.
Сонымен қатар Торғай облысы құрамында бұрынғы шекараларында әкімшілік орталығы Жалдама ауылында орналасқан Амантоғай ауданы қалпына келтірілді. Аудан құрамына Амангелді ауданының Амантоғай, Жалдама, Шақпақ ауылдық кеңестері, Арқалық ауданының Горняк, Мирный, Тасты ауылдық кеңестері, Державин ауданының Қарынсалды ауылдық кеңесі, Науырзым ауданының Бүйректал, Октябрь, Степняк ауылдық кеңестері енді.O восстановлении Тургайской области в составе Казахской ССР. Постановление Президиума Верховного Совета Казахской ССР от 17 августа 1990 года
1991 жылғы 16 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының құрамында. 1997 жылы 22 сәуірде Торғай облысының территориясы Қостанай және Ақмола облыстарына бөлініп берілді.
Әкімшілік бөлінуі 1989 жылы Торғай облысының аумағында 1 облыстық бағыныстағы қала (Арқалық) және 9 аудан болды: № Аудан Орталығы Халқы (1989), адам 1 Арқалық қалалық кеңесі Арқалық62 367 2 Амангелді ауданы Амангелді27 998 3 Арқалық ауданы Родина23 216 4 Державин ауданы Державинск30 634 5 Жангелді ауданы Торғай28 765 6 Есіл ауданы Есіл44 466 7 Жақсы ауданы Жақсы20 542 8 Жаңадала ауданы Тасты-Талды13 058 9 Қима ауданы Жаңақима21 110 10 Октябрь ауданы Октябрьское22 852
Халқы
Ұлттық құрамы КСРО-ның 1970 жылғы халық санағы бойынша облыстың ұлттар құрамы төмендегідей болды: қазақтар (32,5 %), орыстар (33,7 %), украиндар (15 %), сондай-ақ немістер (5,2 %), белорустар (4,7 %), татарлар, өзбектер, башқұрттар, марилер, чуваштар, молдавандар, удмурттар, мордвалар және т.б. Халықтың орташа тығыздығы — 1 км2-ге 2,3 адам болды . Қала халқының үлесі 31 % (80 мың адам., 1975) құрады.
Әкімдер тізімі
Реті Суреті Аты-жөні Қызметі Қызметұзақтығы1 100px 1971 1978 2 100px 1978 1985 3 100px 1985 1988 4 100px 1990 1991 1 100px ақпан1992 маусым1993 2 100px 22 маусым1993 5 қазан1995 3 100px қазан1995 сәуір1997
Реті Суреті Аты-жөні Қызметі Қызметұзақтығы1 100px 1990 1992
Сыртқы сілтемелер bse.sci-lib.com сайтындағы Тургайская область
Дереккөздер
Санат:Қазақ КСР Санат:Қазақстан тарихи облыстары