Омбудсмен - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын ешкімге бағынышты емес тұрғыда, тәуелсіз қадағалау және қорғау, сондай-ақ өз өкілеттігі шеңберінде бұзылған құқықтарды қалпына келтіру мақсатында қажетті шара­ларды жүзеге асырумен айналысатын адам.

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық мемлекеттік билік органдары мен лауазымды тұлғалар тарапынан, әртүрлі ұйымдар мен мекемелердің әділетсіз іс-әрекет­терінен жапа шеккен жеке адам­дар­дың бұзылған құқықтарын қор­ғайды. Өзінің мәртебесі бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жеке адамның бұзылған құқығы мен бостандығын қорғайтын тәуел­сіз халықтық адвокат болып табы­лады. thumb|Вашигтондағы Джорджтаун Университетіндегң белгі thumb|right|Оңтүстік Африка, Кейп Таунға жақан жердегі Омбудсмен кеңсесіне нұсқау Омбудсмен­нің тиімді жұмысын жүзеге асыру үшін қажетті өлшемдер мен шарттар Басты өлшемдер Адам құ­қықтары жөніндегі ұлттық инс­титуттар қызметінің Париж қағи­даттарында анықталған. Бұл ең алдымен:

қоғамдық қабылдау, яғни омбудсменнің бұзылған құқық­тарды айқындауға және қалпына келтіруге арналған нақты мүмкіндігі бар екендігін қоғамның көруі, қа­былдауы;

құқық бұзу жағдайларын бол­дырмауға шұғыл ден қою мақ­сатында халықпен барынша тығыз байланыс орнату мүмкіндігі. Осы­ған байланысты омбудсмен өкіл­дерінің еліміздің барлық жергілікті жерлерінде болу мәселесі өзекті болып отыр;

біліктілігі жоғары, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарда жұмыс істеген, сондай-ақ байсалды өмірлік тәжірибесі бар кәсіби кадрлардың болуы;

өз ұсыныстарының орын­далу­ын бақылауға өкілеттілігі.

Санат:Азамат құқықтары Санат:Заңгерлер