Қорғасын, Шеңбер — Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы ауыл, Шеңбер ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Ұлытау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 66 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 687 адам (354 ер адам және 342 әйел адам) болса, 2009 жылы 514 адамды (269 ер адам және 245 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 380 адамды (208 ер адам және 172 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы 19 ғасырдың 70-жылдары ағылшын концессионерлері бұл жерді жергілікті байлардан сатып алып, қорғасын өндірген. Қ.Cәтбаевтың басшылығымен жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары кезінде (1936) экспедиция қызметкерлерінің қонысы ретінде іргесі қаланған. 1942–1959 жылдары мұнда қорғасын кентасын өндіретін кеніш жұмыс істеді. 1957 жылдан қой өсіретін кеңшар орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы елді мекендері