Алекса́ндр Сеза́р Леопо́льд Бизе́ (, шоқынғаннын кейін Жорж есімін алған, ; 1838—1875) — француз композиторы, атақты “Кармен” операсының авторы (1874).

Бизе 10 жасында Париж консерваториясына қабылданып, оны 1857 ж. бітіріп шықты. А.Ф. Мармонтель, П. Циммерман, Ж.Ф. Э. Галеви, Ш. Гунолардан дәріс алды.

1857 ж. “Клавис пен Колтильда” кантатасы үшін Рим сыйлығын алып, үш жыл Италияда оқу мүмкіндігіне ие болды. Бизе 20-ға жуық опера (біразы аяқталмаған), 3 оперетта жазған. Бизенің “Кармен” операсы — француз опералық реализмінің биігі. Ол әлемдегі ең танымал опералардың біріне айналды. Бизе бірнеше оркестрлік шығармалар, симфония-кантаталар, фортепианолық пьесалар мен ән-романстар да жазған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:XIX ғасыр сазгерлері Санат:Құрмет легионы орденінің иегерлері Санат:Пер-Лашез зиратында жерленгендер