left|thumb|Дибругарһтан күн батысының көрінісі thumb|right|400px|Солтүстікшығыс Үндістан мен Бангладеш аймақтарындағы өзен картасы Брахмапутра өзені, Брамапутра — Қытай, Үндістан және Бангладеш жерімен ағып өтіп, Бенгал шығанағына құяды. Ол Тибетте – Мацанг, Цангпо, Гималай тауында — Диханг, Үндістанда – Брахмапутра, Бангладеште – Джамуна деп аталады. Ұзындығы 2900 км, алабының ауданы 506 мың км². Гималайдың солтүстік беткейі мен Кайлас жотасының оңтүстік беткейіндегі бірнеше шағын өзендердің қосылуынан басталады. Джамда өзені сағасынан төменірек ( 95Ә ш. б.) Тангла жотасы мен Гималайды кесіп өтеді, Ганг жазығына шыққан соң ағысы баяулайды. Ганг өзенімен атырауы бір (80 мың км²). Басты салалары: Нау, Чорта-Цангпо, Рага-Сангпо, Ньянгчу, Субансири, т.б. Брахмапутраның суы қыста азаяды, көктем мен жазда тасиды. Шығанаққа құяр тұсындағы жылдық орташа су ағыны 12 мың м3/с, жаз айларында 15 мың м3/с-қа жетеді. Құйылысынан 1290 км-ге дейін кеме жүзеді. Суы егін суаруға пайдаланылады. thumb|240px|left|Spot серігінен өзен суреті thumb|Өзен маңы су басқан қоныстар Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том Дереккөздер
Санат:Бангладеш өзендері Санат:Қытай өзендері Санат:Үндістан өзендері Санат:Тибет өзендері Санат:Ассам өзендері Санат:Халықаралық Азия өзендері