Кеплер Лаверан Лима Феррейра «Пепе» (; 26 ақпан 1983, Масейо) — португал-бразилиялық футболшы, "Порту" футбол клубының қорғаушысы.
Мансабы
Клубтық 18 жасында Бразилиядан Португалиялық клуб «Маритимуға» ауысты. 3 жыл бойы команданың жастық құрамында болады. Клубта әр түрлі позицияларда ойнады: қорғаушы, шабуылдайтын жартылай қорғаушы, тіпті шабуылшы позициясында. 2004-07 жылдары "Портуда" ойнады. 2007 жылы 10 шілдеде "Реал Мадридке" ауысты. 200px|left|thumb|Реал Мадрид сатысында 2009 жылдың 12 желтоқсанында Валенсия клубына қарсы ойында Пепе тізесін жарақаттап, 6 айға ойыннан шығады. Пепе может пропустить ЧМ в ЮАР На восстановление Пепе потребуется шесть месяцев Пепе успешно прооперирован.
2010 жылдың 30 мамырында Португалия ұлттық футбол құрамының медициналық штабы, Пепе жарақатынан толығымен жазылып, 2010 жылғы футболдан Әлем чемпионатының финалды этапында ойнауға даяр деп жариялады.
2011 жылдың 12 шілдесінде Реал Мадрид футбол клубымен келісім шартын 2016 жылға дейін жалғастырады.Пепе продлил контракт с «Реалом» до 2016 года.
2017 жылы 4 шілдеде "Бешикташқа" ауысты.
2019 жылы 8 қаңтарда "Портуға" қайта оралды.
Ұлттық құрама 2007 жылы күзде Финляндияға қарсы ЕУРО-2008 іріктеуінде Португалия құрамасы сапында тұңғыш рет алаңға шықты. 2008, 2012, 2016 жылдары Еуропа чемпионатына, 2010, 2014, 2018 жылдары әлем чемпионатына қатысты. 2017 жылы Конфедерациялар кубогының қола жүлдегері атанды.
Еуро-2024 турнирінің ең кәрі футболшысы атанды. Турнир басталарында Пепе 41 жыл 116 күн жасында болды.
Жетістіктері Порту
Португалия чемпионы (3): 2005/06, 2006/07, 2019/20 Португалия кубогы (2): 2005/06, 2019/20 Португалия суперкубогы: 2006 Құрлықаралық кубок: 2004
Реал Мадрид
Испания чемпионы (3): 2007/08, 2011/12, 2016/17 Испания кубогы (2): 2010/11, 2013/14 Испания суперкубогы (2): 2008, 2012 Чемпиондар лигасы (3): 2013/14, 2015/16, 2016/17 УЕФА суперкубогы (2): 2014, 2016 Клубтар әлем чемпионаты (2): 2014, 2016
Португалия
Еуропа чемпионы: 2016 УЕФА ұлттар лигасы: 2018/19 Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 2012 Конфедерациялар кубогының қола жүлдегері: 2017
Дереккөздер
Санат:Португалия футболшылары Санат:Португалия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Порту ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Маритиму ФК ойыншылары Санат:Бешикташ ФК ойыншылары