Лука Модрич (; 1985 жылы 9 қыркүйекте туған, Задар, ЮСФР) — Ла Лиганың «Милан» клубының жартылай қорғаушысы ретінде ойнайтын және Хорватия Ұлттық футбол құрамасының капитаны болып табылатын кәсіби футболшы.
2018 жылғы әлем чемпионатының үздік футболшысы. 2018 жылғы "Алтын доп" иегері.
Клубтық мансабы
«Динамо» 2002 жылы, 16 жастағы Лука Модрич загребтік "Динамо" клубымен келісім шартқа отырады, бірақ бір жыл бойы жастар құрамасында ойнап, келесі жылы Мостардағы «Зриньски» босниялық хорваттардың клубына жалға беріледі. Ол клубта ойнағанда босниялық премьер–лигада үздік ойыншы атанып, Лука өзінің потенциалын тез көрсетеді, сол кезде ол тек 18 жаста болатын. Келесі жылы тағы да жалға беріледі, бұл жолы Запрешич қаласының "Интеріне", ол жерден “Хорватия футболының үміті” деген атақпен оралады. 2005 жылы "Динамоға" оралып, 2015 жылға дейін келісім шартты созады.
«Тоттенхэм» 2008 жылдың 26 сәуірінде Модрич «Тоттенхэм Хотспур» клубымен алдын ала келісім шартқа қол қояды, келісім бойынша ойыншы медициналық тексерістен өтіп және Ұлыбританияда жұмыс істеу үшін рұқсат алу керек болды. Негізгі келісім 6 жылға жоспарланған, трансфер сомасы 16,5 млн фунт стерлинг құрады, бұл клубтың 2007 жылы Даррен Бентті сатып алғаннан кейін рекордты трансфері.
«Реал Мадрид» 2012 жылдың 27 тамызында Лука мадридтік "Реалмен" бес жылға келісімге қол қояды. Испандық клуб хорваттың трансфері үшін Тоттенхемге 33 млн. фунт стерлинг төледі.
2012 жылдың 30 тамызында Реал Мадридтегі дебют ойыннын өткізді. Испания суперкубогының екінші ойынының 83-ші минутында "Барселона" клубына қарсы қосалқы құрамнан шығады. Матч барысында каталондықтар 2:1 есебімен жеңілді, екі матчтың қорытындысы бойынша есеп 4:4 болды, бірақ "Реал Мадрид" жеңді, өйткені қонақта көбірек гол соқты. Осылайша Модрич өзінің дебютті ойынында жаңа клубымен бірге бірінші олжасын ұтып алды.
2017/18 жылғы маусымда керемет ойнап, 2018 жылғы "Алтын доп" жүлдесін ұтып алды.
Ұлттық құрамадағы мансабы Лука Модрич Хорватия ұлттық құрамының негізгі командасында дебютін Аргентина құрамасына қарсы матчта өткізді. Бұл ойын 2006 жылдың 1 наурызында Швейцариядағы Базель қаласында өтті.
Алғаш қатысқан ірі турнирі - 2008 жылғы Еуропа чемпионаты. Содан бері барлық ірі турнирге қатысып келеді. 2018 жылы әлем чемпионатында Хорватия финалға дейін жетті де, Модрич турнирдің үздік футболшысы атанды.
2011 жылдың 11 қазанында құрамадағы 50-ші ойынын өткізді.
Жетістіктері Халықаралық ФИФА версиясы бойынша 2008 жылғы Футболдан Еуропа Чемпионатының символды құрамасына кіреді.
Динамо Загреб Футболдан Хорватия Чемпионы 2006, 2007 Хорватия Суперкубогының иегері - 2006 Хорватия Кубогының иегері - 2007
Реал Мадрид Испания Суперкубогының иегері - 2012, 2017, 2020 УЕФА Чемпиондар Лигасы: 2014, 2016, 2017, 2018 Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: 2014, 2016, 2017, 2018 УЕФА Суперкубогы: 2016, 2017 Испания чемпионы: 2017, 2020 Жеке Алтын доп иегері: 2018 ӘЧ-2018 үздік футболшысы. Жеке өмірі 2010 жылдың мамырында Модрич Вана Босничке үйленеді. 2010 жылдың 6 маусымында ұлы Иван (Ivano) туған.
Сілтемелер 1hnl.net сайтындағы статистикасы «Динамо» (Загреб) ресми сайтындағы сұхбаты Модрич «Тоттенхэммен» келісімді ұзартты Мал да удал: Лука Модрич
Дереккөздер
Санат:Хорватия футболшылары Санат:Хорватия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Динамо Загреб ФК ойыншылары Санат:Зриньски ФК ойыншылары Санат:Тоттенхэм Хотспур ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Алтын доп иегерлері