Құлжанов Нұрғали (1869/70, Торғай уезі – 1919, Семей) – мәдениет қайраткері.“Қазақ Энциклопедиясы”, VI-том
Орынбор оқытушылар мектебін бітірген. 1905 жылдан Семей мұғалімдер семинариясында ұстаздық еткен.
1906 жылы 1 қаңтарда 3 дәрежелі Әулие Станислав орденімен марапатталған.
1908 жылы Батыс Сібір география қоғамы Семей бөлімшесіне мүшелікке қабылдаған. Бөлімшенің тексеру комиссиясының құрамында болып, өлке тарихына қатысты ежелгі тарихи, музыка, фольклорлық мұраларды бөлімше мұражайына жинақтап тапсырған. 1914 жылы Абайдың қайтыс болғанына он жыл толуына арнап Н.Құлжановамен бірге әдеби кеш ұйымдастырды.
“Қазақ”, “Бірлік Туы”, “Үш Жүз” газеттерінде мақалалары жарияланып тұрды.
1919 жылы Колчак жендеттерінің қолынан қаза тапты.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:1869 жылы туғандар Санат:Торғай уезінде туғандар Санат:1919 жылы қайтыс болғандар Санат:Семейде қайтыс болғандар Санат:Орынбор мұғалімдер семинариясы түлектері Санат:Әуезов атындағы педагогикалық колледжі оқытушылары Санат:Қылышты III дәрежелі Әулие Станислав орденінің иегерлері Санат:Батыс Сібір география қоғамы мүшелері