“Алматы” қонақ үйі – Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 85.

Сипаты Қонақ үй 1967 жылы салынған. Сәулетшілері – И.А. Карташ, А.Я. Коссов, В.Г.Чиркин, Н.Н. Рипинский, инженер С.И. Қаламжаров (КСРО Министр кеңесінің сыйлығы 1974 ж.). 8 қабатты ғимарат иілген пластина сияқты жасалып, маңайындағы бульварлар мен гүлзарлар, алдындағы Опера және балет театры ғимаратымен әдемі жарасымдылық тапқан. “АЛМАТЫ” қонақ үйінің ғимараты 20 ғасырдың 70-жылдарындағы сәулет өнерінің озық үлгісі саналады. Бірыңғай көлденең жолақтар арасында биік қабаттағы терезелері, фасадқа үйлесіп, ауада қалқып тұрған сияқты жеңілдік береді. Қонақ үйде 540 орындық 280 бөлме, 250 орындық банкет залы, 1 қабатты мейрамхана бар.Қазақ ұлттық энциклопедиясыҚазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:Алматы қонақ үйлері Санат:Алматы сәулеті Санат:Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері