thumb|right|200px|Ерден Задаұлы Қажыбек Ерден Задаұлы Қажыбек (9 ақпан, 1955) — Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетінің төрағасы. Филология ғылымдарының кандидаты (1981), филология ғылымдарының докторы (1989).
Қысқаша өмірбаяны Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан..
1972—77 жылдары академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқыған. 1977—80 жж. — ҚазКСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының «Түркология» мамандығы бойынша аспирантурасында оқыды. 1986—88 жж. — КСРО Ғылым академиясы Тіл білімі институтының докторантурасында білім алған. 1980—82 жж. — ҚазКСР ҒА Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері 1982-89 жж. ҚазКСР ҒА Тіл білімі институтының ғылыми хатшысы. 1989-92 жж. ҚазКСР ҒА Тіл білімі институтының Түркология және қазақ тілінің тарихы бөлімінің меңгерушісі. 1992- 2005 жж. ҚР ҰҒА Шығыстану институтының директоры, «Қазақстан» Ақпараттық-талдау орталығының директоры қызметтерін атқарды. 2005 ж. Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ профессоры, ҚР БҒМ А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, «Қазақ тілінің этимологиялық сөздігі» және «Қазақ тілінің морфонологиясы» ғылыми жобаларының жетекшісі. 2006 ж. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы.
Ғылыми еңбектері "Түркі сөздерінің семантикасы" деген тақырыпта доктор диссиртациясын қорғады. 100-ден аса ғылым еңбектері бар. Семантика тюркского слова. А., 1988; Глагольно-именная корреляция гомогенных корней в тюркских языках (явления синкретизма). А., 1986. "Түркі тілдерінің салыстырма сөздігі" (Анкара, 1992); "Қазақша-түрікше және түрікше-қазақша сөздік" (Анкара, 1993) т. б. авторы. Қоғамдық қызметі Қажыбековтың ұйымдастыруымен Алматыда туркітану мен шығыстану мәселелеріне байланысты халықаралық ғылым конференциялар өтті. Халықаралық "Тюркология" (Баку), "Тюрк юрду" (Анкара) ғылыми-теориялық журналдар алқасының салыстырмапы-тарихи зерттеулер женіндегі кеңестің (Стамбұл) мүшесі Ортаазиялық зерттеулер жөніндегі кеңестің (Стамбұл) Орта азиялық зерттеулер жөніндегі ассоциацияның (Мадисон, АҚШ) мүшесі Шығыстанушылық к-тінің (Голландия, Утрехт) мүшесі "Түрк Дил Қурумының" корр.-мүшесі (Анкара). "Қазақстан Түркия" достық қоғамының басқарма мүшесі, Халықаралық түркітану орталығының президенті ҚР Президенті аппаратының және Министрлер Кабинетінің ғылым сарапшысы. Голландық Шығыстанушылар Қоғамының (Утрехт) толық мүшесі Қазақстанның Әлеуметтік ғылымдар академиясының толық мүшесі
«Türk Dil Kurumu» Түрік Лингвистикалық Академиясының (Анкара) толық мүшесі
Қытай Билингвистикалық Білім беру Ғылыми-зерттеу Академиясының (Пекин) толық мүшесі Халықаралық Ресей Түркологтары Комитетінің (Мәскеу) мүшесі
Кипр Америка университеті басқармасының (Кипр) мүшесі Қазақстан-Ливия Достық және мәдени байланыс қоғамы басқармасының президенті.
Марапаттары Ғылымдағы сіңірген еңбектері үшін: ҚР Ұлттық ғылым академиясының мақтау қағазы медалімен марапатталған.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
Дереккөздер >
Санат:9 ақпанда туғандар Санат:1955 жылы туғандар Санат:Қазақстан филологтары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан Әлеуметтік ғылымдар академиясының толық мүшелері Санат:Қазақ тілін зерттеушілер Санат:Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ профессорлары