Фрунзе — Қостанай облысы Қамысты ауданы, Қамысты ауылдық округі құрамындағы ауыл, 2019 жылға дейін Фрунзе ауылдық әкімдігі орталығы болған.
Географиялық орны Аудан орталығы - Қамысты ауылынан оңтүстікке қарай 40 км жерде, Тобыл өзенінің аңғарында орналасқан.
Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 947 адам (450 ер адам және 497 әйел адам) болса, 2009 жылы 601 адамды (290 ер адам және 311 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1955 жылы Жітіқара ауылындағы Шевченко атындағы ұжымшардың екіге бөлінуіне байланысты қаланған. 1955-1994 жылдары астық өсіретін кеңшардың орталығы болды. 1994 жылы мұнда өзімен аттас ұжымдық кәсіпорын құрылды.
Дереккөздер
Санат:Қамысты ауданы елді мекендері