Ахмет Шәмиев (11 шілде 1908 жыл, қазіргі Алматы облысы Жаркент қаласы — 14 маусым 1983 жыл, Алматы) — актер, әнші, Қазақ КСР-інің халық артисі (1970).
Өмірбаяны Шәмиев сахналық өнер жолын 1925 жылы Жаркент қаласындағы драма үйірмесінен бастады. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. 1935 — 1983 жылы Ұйғыр музыкалық драма театрының (қазіргі Ұйғыр муз. комедия театры) құрамында актер болып, әр түрлі рөлдерде ойнады.
Рольдері Шәмиевтің алғашқы ойнаған рөлі — Ж. Асимов пен А. Садыровтың “Анархан” атты муз. драмасындағы Мұхпула. Бұдан кейін ол ұйғыр және шет ел драматургиясы бойынша қойылған спектакльдерге қатысып, сан алуан сахналық бейнелерді шынайы да тартымды ойнауымен көрермендер құрметіне бөленді. Қазақ драматургиясы бойынша да қойылған спектакльдерге қатысып, Қодардың (Ғ. Мүсірепов, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу”), т.б. рөлдерін орындады.
Шығарған әндері 2-дүниежүз. соғыс жылдары оның есімі ТМД халықтары әндерін орындаушы ретінде де белгілі болды. Ол өз жанынан “Қазақстан” “Отан” “Колхоз” “Гудок” “Махаббатым”, т.б. әндер шығарды.
Кинодағы рольдері 1957 жылдан киноға түскен: Нұрмағамбет (“Шоқан Уәлиханов”) Әзім (“Біз Жетісуданбыз”, 1958) Серкебай (“Егер де біздің әрқайсымыз”, 1961) Жүніс ("Қилы кезең", 1966) Ахметжан (“Жылан жылы”, 1981), т.б.
Құрмет Алматы қаласында ол тұрған үйге (Тимирязев көш., 113-үй) мемориалдық тақта орнатылған.
Марапаттары Құрмет белгісі орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:XX ғасыр актерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Қазақстан ұйғырлары Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Санат:Қазақ КСР-інің халық әртістері