Моска Гаэтано < (; 1 сәуір 1858, Палермо, Италия — 8 қараша 1941, Рим, Италия) – италиялық саясаттанушы, социолог, “элита” теориясының негізін салушыларының бірі.
Моска “Саяси ғылым негіздері” (1896) атты еңбегінде адамдар екі топқа: басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деп түйеді.
Біріншісі – мейлінше тұрақты, мәртебелі, байлықтың да, биліктің де, сый-құрметтің де қызығын көріп жүрген топ. Екіншісі – көпшілік тобыр, бұқара. Жоғары элита төмендегілерді өз тобына кіргізбеуге тырысады. Бұл элитаның құлдырауына алып келеді. Оны болдырмау үшін қоғамның демократиялануы, яғни еркін пікір алмасу орнауы шарт. Осы арқылы қоғамдағы саяси топ жаңартылып отырады немесе уақыт талабына жауап бере алмаса, орнын басқаларға босатады. Герберт Спенсер ілімінде Моска коғамның екі типке: әскери (күшейтуге негізделген) және индустриалды (еркін келісімге негізделген) болып бөлінуіне көңіл аударды. Бүлайша жіктелуді Моска "долбарлап" қабылданғандықтан қолайсыз деп есептеді.ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref>
Моска билеуші топқа кірудің үш жолын көрсетеді. Олар: әскери атақ, байлық, бекзаттық.
Моска элитаның жаңаруынсыз қоғамда тұрақтылық болмайтынын дәлелдеген. Сондай-ақ индустриалды қоғамның көптеген әлеуметтік күштерден құралатынын, олардың кейбірі билеуші тапқа сіңісуге ұмтылуға тиіс болатынын тұжырымдайды.Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Дереккөздер
Санат:1858 жылы туғандар Санат:Палермо провинциясында туғандар Санат:Италия саясаттанушылары Санат:Италия әлеуметтанушылары Санат:1941 жылы қайтыс болғандар