Жандосов Оразәлі Қыйқымұлы (1904, Шамалған, Қарасай ауданы, Алматы облысы — 28 ақпан 1938) — тұңғыш қазақ геологтарының бірі. Ораз Қыйқымұлының Жандосовтың інісі.

Верный қалалық ерлер гимназиясында 4 сынып оқып бітірген. 1924 — 1925 жылы Мәскеудегі жоғарғы кооперативтік курстарда оқыған. 1933 жылы Мәскеу геология барлау институтын бітірді. 1923 — 1924 жылы Алматы уездік Қосшы комитетінің хатшысы, 1925 — 1926 жылы Қазақ ауыл шаруашылық кооперациясының бөлім бастығы, 1926 — 1929 жылы Ақтөбе губерниясы атқару комитетінің төрағасының орынбасары, губерниялық жоспарлау басқармасының төрағасы, 1933 — 1934 жылы Семей қаласындағы “Қазсирекметаллбарлау” тресінде бастықтың орынбасары, бастығы болды. 1935 — 36 жылдары Қаскелең геологиялық барлау партиясының бастығы, 1936 — 1937 жылы Текелі кен басқару мекемесінің директоры қызметін атқарды. 1937 жылы тұтқынға алынып, арандатушы деген айып тағылып. 1938 жылы ату жазасына кесілген. Оразәлі Жандосов Қазақстанда тау-кен өндірісін және түсті металл кен орындарын игеру жұмыстарын ұйымдастыруға елеулі үлес қосты. Оразәлі кейінгі Шымкент қорғасын зауытының негізгі кен орнын ашуға атсалысқан.

Дереккөздер

Санат:Тарихи тұлғалар