Абдус Саттар (1906, Бирбхум аумағының Дарака ауылы — 5 қазан, 1985, Дакка) - Бангладештің заңгері және саясаткері, Зияур Рахманды өлтірілуінен кейін президент болып істеген. Зияурдың президент болған кезінде, Абдус Саттар вице-президент болып жүрген. Ұлтшылдардың партиясының ұйымдастырушыларының бірі еді.

Өмірбаяны 1906 жылы Бирбум аумағының Дарака ауылында туған (қазір бұл Үндістанға қарайтын жер). Калькутта университетінде саяси ғылымдар және заң бойынша білім алған.

Фазлул Хұқ басқарған Krishak Praja Партиясының мүшесі.

1941 жылында Калькуттаның сотында істеген.

Пәкістанның тәуелсіздігі үшін күресіп, Пәкістан Мұсылман Лигасына мүше болып кірді. 1950 жылында Даккаға келіп, «Авами лиг» партиясына кірді.

1970 жылында парламент сайлауы өтті. Зия-үл-Хақ, Пәкістан Халық Партиясы (жетекшісі — Бһутто) және «Авами лиг» арасында жанжал басталады. Соғыс ашылады. 1971 жылының мамыр айында, Абдус Саттар Исламабадқа шақырылып, үйінде тұтқынылады. 1973 жылы Саттар Ауғанстан арқылы Бангладешке қашады. Муджибур Рахман кезінде үкіметте жұмыс істейді

Сайем кезінде президенттің кеңесшісі

Зияур Рахман кезінде вице-президент болып істейді.

Зия Зияур Рахман қаза тапқаннан соң, Абдус Саттар ұлтшылдар партиясының жетекшісі және Бангладештің президенті болып істейді.

1982 жылында оны Эршад құлатады. Абдус Саттар абақтыға түседі, бірақ бірнеше айынан кейін босатылады. Партияның жетекшісі — Зияур Рахманның әйелі, Халеда Зия Бегум болып кетеді, президент — Хуссейн Мұхаммед Эршад болып кетеді.

Саясатпен айналысуға тоқтаған Саттар 1985 жылының қазанның 5-інде Даккада қайтыс болады.

Дереккөздер

Санат:1906 жылы туғандар Санат:Бирбхумде туғандар Санат:5 қазанда қайтыс болғандар Санат:1985 жылы қайтыс болғандар Санат:Даккада қайтыс болғандар Санат:Бангладеш саясаткерлері Санат:Бангладеш президенттері